🎭 Ұлттық құндылық – ұрпаққа мұра
Тәрбие жұмысы аясында «Адал азамат» бағдарламасы және «Ұлттық style» жобасы бойынша оқушылар ұлттық бас киім дайындады ✨
Балалар халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін тереңірек танып, өз қолдарымен әсем ұлттық бұйымдар жасап шығарды 🎨
Бұл жұмыс олардың шығармашылығын дамытып қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды.
Ұлттық киім – ұлттың айнасы, ал оны дәріптеу – әрқайсымыздың міндетіміз 💙








